20 лет — ЖЫЛ БІРГЕ! ЛЕТ ВМЕСТЕ!
ОҚЫТУ · 2022 жылғы 10 маусым

Алматыда травматолог-ортопедтерге арналған жаңа білім беру курсы басталды

9 маусымда №4 Қалалық клиникалық ауруханасының базасында Қазақстанның травматолог-ортопедтеріне арналған екі күндік білім беру курсы өз жұмысын бастады.
Алматыда травматолог-ортопедтерге арналған жаңа білім беру курсы басталды

9 маусымда №4 Қалалық клиникалық ауруханасының базасында Қазақстанның травматолог-ортопедтеріне арналған екі күндік білім беру курсы өз жұмысын бастады.

Курс Академик Н.Ж. Батпенов атындағы ТОРҰҒО, Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ травматология және ортопедия кафедрасы мен Қазақстандық травматолог-ортопедтер қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Оқыту мен практикалық бөлімді м.ғ.д., проф. Коробушкин Г.В. өткізуде, Мәскеу қ., РФ.

МИТ компаниясы курс аудиториясына нейрохирургияда, травматологияда және жақ-бет хирургиясында қолдануға арналған Loop-X мобильді роботизацияланған визуализация жүйесін таныстырды, Brainlab (Германия).

Loop-X кескіндерді өңдеуге арналған мобильді робот болып табылады. Соның арқасында отаішілік визуализация процесі жетілдіріледі — оқшаулаудан, тіліктерді жоспарлаудан, навигациясы бар екі өлшемді және үш өлшемді кескіннен бастап, тұраққа қоюға арналған алдын ала бағдарламаланған позицияларға дейін. Робот сканер мен навигациялық жүйенің өзара әрекеттесуінің жаңа тәсілін ұсынады, бұл оңтайландырылған, уақытты үнемдейтін жұмыс процесін қамтамасыз етеді және хирургтарға ота жасау бөлмесінде визуализация мен бақылау еркіндігін береді.