Шығыс Қазақстан облысында қан ауруларымен ауыратын науқастарға арналған жаңа мамандандырылған орталық — Гематология орталығы ашылды.
Орталықтың ашылу салтанатына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов, Бас прокуратура өкілдері және өңір тұрғындары қатысты.
«Медико-Инновационные Технологии» (МИТ) компаниясы орталықты кешенді медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуші ретінде жұмыс атқарды. Жоба зертханалық диагностика мен трансфузиологияны, анестезиология және реанимацияны, хирургия мен операциялық блоктарды, функционалдық диагностиканы, сондай-ақ эндоскопиялық және басқа да бейінді жабдықтарды қамтыды. Жабдықтар АҚШ, Еуропа және Азияның жетекші әлемдік өндірушілерінен жеткізілді.
Зертханалық кешеннің негізгі жабдықтарының бірі — АҚШ-тың Becton Dickinson Biosciences компаниясы шығарған BD FACSLyric ағындық цитофлуориметрия жүйесі. Ол гемобластоздарды дәл иммунфенотиптік диагностикалауға және емдеу барысын бақылауға мүмкіндік береді.
МИТ командасы инженерлік инфрақұрылымға да ерекше назар аударды. Жоба аясында медициналық газбен жабдықтау жүйесінің жабдықтары жеткізіліп, іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілді. Бұл жүйе стационар палаталарына, реанимация және операциялық бөлмелерге медициналық газдарды орталықтандырылған түрде жеткізуді қамтамасыз етеді.
«Біз үшін жабдықтар мен инженерлік жүйелер тек жеткізу кезеңінде ғана емес, орталықтың алғашқы жұмыс күнінен бастап біртұтас жүйе ретінде үйлесімді жұмыс істеуі маңызды», — деп атап өтті МИТ командасы.
Дереккөз: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің фотосуреттері.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова: – Бүгінде бұл өңір онкогематологиялық аурулары бар пациенттерге жоғары технологиялық медициналық көмекті дамытуда жарқын үлгі болып отыр. Алғашқы кезеңде орталық Абай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының пациенттеріне қызмет көрсетеді деп жоспарлап отырмыз.



