30–31 қазанда Алматы қаласында «Ішкі аурулар мамандары: терапиядан хирургияға дейінгі мүмкіндіктер интеграциясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конгресс өтті. Іс-шараның демеушісі Орталық Азиядағы медициналық жабдықтарды жеткізуші «Медико-Инновационные Технологии» (МИТ) компаниясы болды.
Best Western Plus Atakent Park Hotel қонақүйінде өткен конгресс медицина қауымдастығының өкілдерін, жетекші мамандар мен денсаулық сақтау саласының сарапшыларын біріктірді. Қатысушылар кәсіби тәжірибе алмасып, заманауи медицинаның өзекті мәселелерін, ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа тәсілдерін, сондай-ақ пәнаралық өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады.
Іс-шара аясында МИТ компаниясы медициналық ұйымдарды заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету бағытындағы мүмкіндіктерін таныстырды. Конгресс қонақтары компания стендінде МИТ ұсынатын технологиялық шешімдер, қызмет бағыттары және жүзеге асырылған жобалар туралы ақпараттық материалдармен таныса алды.
Жабдықтарды жеткізу, жобалау, монтаждау, пайдалануға беру, медициналық персоналды оқыту және одан әрі сервистік қызмет көрсету сияқты бағыттарды қамтитын кешенді тәсілге ерекше назар аударылды.
Кәсіби іс-шараларға қатысу МИТ компаниясына дәрігерлермен тұрақты диалог орнатуға, саланың өзекті қажеттіліктерін тереңірек түсінуге және клиникалық тәжірибеге заманауи технологиялық шешімдерді енгізуге ықпал етуге мүмкіндік береді.



