МИТ компаниясы «Алматы қ. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық ғылыми жұқпалы аурулар орталығы» нысанында медициналық жабдықтарды және материалдарды жеткізуге, сонымен бірге, әрі қарай монтаждау, іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізуге «В&А Contractors SA» компаниясымен шарт жасасты.
Жоба аясында зертханалық, эндоскопиялық жабдықтарды, кереуеттерді және кереует маңы мониторларын, жуу-дезинфекциялау жабдықтарын жеткізу жоспарлануда.
Жобаны жүзеге асыру мерзімі — 2023 жылдың қараша айы.



