Біздің компания, «Медико-Инновациялық Технологиялар», қазіргі кезде біздің серіктес, «TransEnterix» компаниясымен бірлесіп «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ауруханасы» ШЖҚ РМК базасында роботтандырылған хирургия орталығын және референстік орталықты құруға арналған жоба бойынша жұмыс істеп жатқан жаңалықтармен бөлісуге қуаныштымыз.
Референстік орталықтың ерекшелігі — мұнда хирургиялық операциялар жасалып қана қоймай, хирургтер роботтандырылған технологиялармен жұмыс істеуге де үйретіледі. Орталықта Қазақстан дәрігерлеріне де, шетелдік мамандарға да арналған шеберлік сабақтарын өткізу жоспарланған.
Әлемде алғашқылардың бірі болып роботтандырылған хирургиялық жүйенің көмегімен операциялар жасаған танымал америкалық хирург доктор Самади бүгінгі күнге дейін 7 000-нан астам операция орындаған. Астанаға ол жаңа мәртебеде келді: доктор Самади Президенттік клиниканың дәрігерлеріне кеңес беріп, әріптестеріне жаңа технологияны тәжірибе жүзінде меңгеруге көмектеседі.
Толығырақ: https://tengrinews.kz/medicine/prezidentskaya-klinika-gotovitsya-zapusku-proekta-350978/



