Онкологиялық емхана (Көкшетау қ.)

150 келуге облыстық онкологиялық орталығының емханасының құрылысы бойынша жоба 2011-2015 жылдарға «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасымен және 2012-2016 жылдарға онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасымен қарастырылған болатын, алайда бюджеттік қаражаттың қысқартылуына байланысты тек 2020 жылы ғана жүзеге асырылды.

Жобалау-сметалық құжаттамаға 255 бірлік мөлшерінде жабдықтың 113 атауы енгізілді.

Онко емханаға МРТ аппарат, КТ аппарат, үш жұмыс орнына рентген аппарат, стереотаксис қызметі бар маммограф, сонымен бірге, эндоскопиялық жабдықтардың толық топтамасы жеткізілді.

Бірінші қабатта анықтама бұрышы және тіркеу бөлімі, зертхана, КТ және МРТ кабинеттері орналасқан. Екінші қабатта — рентген кабинеттер, УЗД және функциональды диагностика кабинеттері. Үшінші қабатта — мамандардың қабылдау кабинеттері, эндоскопиялық блок және шағын операциялық бөлме. Төртінші қабатта — қабылдау кабинеттері, ЕДТ кабинеті және конференц-зал.

Ақпарат көзі: https://aqmolanews.kz/ru/2021/01/04/onkopoliklinika-otkrylas-v-kokshetau/ .