Жылдам құрастырылатын модульдік кешендер. Алматы қ. ҚДСБ-ң 11 нысанының негізінде “Б” және “В” класындағы медициналық қалдықтарды залалсыздандыру бөлімшелері (Алматы қ.)

Алматы қаласының тұрғындарының өмірін және денсаулығын қорғау бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында Алматы қаласының 11 қызмет ететін ауруханасының негізінде жылдам құрастырылатын модульдік кешендерде «Б» және «В» класындағы медициналық қалдықтарды залалсыздандыру бөлімшелерін құру бойынша жобалар жүзеге асырылды.

2013 жылы біздің компаниямен бу стерилизациясын әрі қарай ұсақтаумен қолданып, медициналық қалдықтарды залалсыздандыру бойынша өтпелі стерилизаторы бар технологиялық шешім ұсынылған болатын. Бұл әдіс Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДСҰ) және БҰҰ-мен «Б» және «В» класындағы қалдықтарды сапалы, сенімді және қауіпсіз түрде эпидемиологиялық қауіпсіз және жалпы тәртіпте кәдеге жаратуға болатын «А» класындағы қалдықтарға айналдыруға мүмкіндік беретін медициналық қалдықтарды залалсыздандыру үшін басым әдіс ретінде атап өтілген.

Компаниямен медициналық қалдықтарды залалсыздандыру әдісіне және модульдік ғимараттарға патенттер алынды.