Ковид-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған 500 төсек-орынға арналған инфекциялық орталық / «И. Жекенова атындағы қалалық жұқпалы аурулар клиникалық ауруханасы» филиалы (Алматы қ.)

РВ-90-да И. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалы “360 төсек-орынға психоневрологиялық интернат-үйі” нысанының негізінде салынған және 2020 жылдың 30-шы қарашасынан бастап өз жұмысын бастап, Covid-19 анықталған науқастарға медициналық көмек көрсету үшін арналған.

Аурухана Алматы қаласының Түрксіб ауданында ауданы 4,0586 га, ғимарат ауданы 28666 шар.м орналасқан. Стационардың сыйымдылығы – 500 төсек-орын, соның ішінде, 45 орын-төсек республикадағы ең ірі жандандыру және қарқынды терапия бөлімшесі.

МИТ жұмыстардың медициналық технологиялық бөлімдерін орындады, компьютерлік томография, ультрадыбыстық диагностика, видеоэндобронхоскопия, спирография, электрокардиография және жандандыру үшін заманауи жабдықтарымен жабдықтады.

Біздің компания сұйық оттегі орталық станциясы бар орталықтандырылған медициналық газбен қамтамасыз ету жүйесінің арқасында 100%  төсек-орынды медициналық оттегімен қамтамасыз етті.

Ауруханада өтпелі типтес жабдықтарды қолданумен «Б» және «В» класындағы медициналық қалдықтарды залалсыздандыру бөлімшесін ұйымдастырылды.

Компаниямен 2020 жылы ««Б» және «В» класындағы медициналық қалдықтарды медициналық және фармацевтикалық мекемелердің аумағында жинау және залалсыздандыру тәсілі» пайдалы моделіне патент алынды.