Жылдам құрастырылатын модульдік кешендер. №25 мемлекеттік емханасының және №36 мемлекеттік емханасының компьютерлік томография бөлімшелері (Алматы қ.)
«Медико-Инновациялық Технологиялар» ТМД аумағында алғаш рет Алматы қаласында компьютерлік томографияға арналған «кілтпен тапсырылатын» жылдам құрастырмалы медициналық модульдік кешенді құру бойынша екі жобаны әзірлеп, жүзеге асырды. Медициналық ұйымдардың медициналық қызмет көрсетуді кеңейтудегі басты мәселелерінің бірі – орынның жетіспеушілігі. Бұл мәселені шешу үшін инновациялық тәсіл КТ-ты жылдам құрастырмалы модульдік кешенде орналастыру таңдалды.
14 желтоқсанда Наурызбай ауданындағы 36-шы мемлекеттік емханасында модульдік КТ кешенінің ашылуы өтті, оған Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында қатысты. Жаңа Алматы ықшамаудандарында заманауи КТ орталықтарының ашылуы шұғыл араласуды қажет ететін төтенше аурулар кезінде диагностика мен патологияларды ерте анықтау үшін тұрғындарға кезең-кезеңімен қолжетімділікті қамтамасыз ететінін баса айтты. 15 желтоқсанда Алатау ауданының 25-ші мемлекеттік емханасының аумағында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев тағы бір модульдік КТ кешенін ашты. Қысқа мерзімде екі жобаны қатар жүзеге асыру күрделі және стандартты емес инженерлік шешімдерді қажет етті. Компания мамандары жылдам құрастырмалы модульдік кешенде компьютерлік томографты орналастыруы бойынша бірегей медициналық-технологиялық шешімін әзірледі. Жоба медициналық логистиканы, пандемия кезіндегі санитарлық-эпидемиологиялық режимге қойылатын жоғары талаптарды, жүріп-тұруы шектеулі адамдардың қажеттіліктерін, емханалар аумақтары мен қолданыстағы инженерлік желілердің ерекшеліктерін ескере отырып, жасалған. Науқастар мен персоналдың максималды қауіпсіздігі үшін қоректендіру және сору желдету жүйесі құрылды, рентгендік қорғаныс жасалды, «жасыл» және «қызыл» аймақтарға бөлу, сондай-ақ шлюздер, санитарлық бақылау бөлмесі және изолятор қарастырылған. КТ бір қалыпты жұмыс істеуі үшін техникалық жағдайлар жасалған.
Модульдік кешендер өзінің әмбебаптығымен, тамаша эксплуатациялық параметрлерімен, сейсмикалық төзімділігімен, экологиялық таза және отқа төзімді материалдарды қолдануымен және коммуникацияларды орнатып, қосқаннан кейін бірден ғимаратты пайдалануға кірісуімен ерекшеленеді.