Модульдік жұқпалы аурулар аурухана негізінде медициналық қалдықтарды зарарсыздандыру бөлімшесі (Астана қ.)

Жылдам құрастырылатын модульдік кешенде медициналық қалдықтарды зарарсыздандыру бөлімшесі Астана қ. модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы базасында құрылған.

Жұқпалы аурулар ауруханасы ҚР-ң Президентіне қарасты шұғыл жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссияның  шешімімен 15 күн ішінде тұрғызылған. 200 төсекке есептелген жаңа емдеу мекемесі (қарқынды терапия үшін 20 қоса) заманауи жабдықтармен жабдықталған.

Бөлімшеде қолданылатын зарарсыздандыру әдісі Дүниежүзілік денсаулық сақтау мекемесімен (ДДСМ) ұсынылған және БҰҰ-мен «Б» және «В» класындағы қалдықтарды эпидемиологиялық қауіпсіз «А» класындағы қалдықтарға сапалы, сенімді және қауіпсіз айналдыруға және жалпы тәртіпте утилизациялауға мүмкіндік беретін медициналық қалдықтарды қауіпсіздендіру үшін басым болып белгіленген.