Қазақстанда алғаш рет балаларға ояу краниотомия жасалды

Біздің компанияның мамандары Алматыдағы №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында бас миына бірегей оталардың сәтті аяқталғаны туралы хабарды үлкен қуанышпен және қанағаттанушылықпен қабылдады.

«2022 жылдың 4-6 мамыры аралығында Қазақстанда алғаш рет балаларға ояу нейрохирургиялық операциялар жасалды. Шетелдік әріптестерімен бірге оларды Алматы қалалық № 2 балалар клиникалық ауруханасының мамандары жүргізді. Хирургиялық емдеу «Мейірім» Ерікті Қоғамы Қоғамдық Қорының көмегімен мастер-класс аясында жүргізілді, деп хабарлайды https://forbes.kz порталы 2022 жылдың 14 мамырында.

Құрысу синдромы бар бас миының ісігі бар екі балаға ояу жағдайда ота жасалды. Нейрохирургиялық араласулар кезінде ми функцияларын бақылау және сақтау үшін операция жасалған науқасты «ояу краниотомия» деп аталатын анестезиядан ояту әдісі қолданылды (сөйлеу, қимыл-қозғалыс, көрнекі және т.б.). Ісіктердің функционалдық маңызды аймақтарында орналасқан кезде, максималды дәлдік пен мұқият нысанаға алу өте маңызды: нейрохирургтердің жоғары кәсібилігі және тиісті құрал-жабдықтардың болуы. 2020 жылы «Медико-Инновациялық Технологиялар» ЖШС осы және басқа да ми операцияларын орындау үшін ауруханаға операциялық Hi-R 1000  Moller-Wedel GmbH & Co.KG. (Германия) микроскоп пен Curve Dual Display Brainlab AG (Германия) хирургиялық навигация жүйесін жеткізді. Сонымен қатар, арнайы мастер-класс үшін, біздің көмегімізбен Brainlab компаниясы мидың функционалдық аймақтарын картаға түсіруге арналған арнайы бағдарламаға демо-қолжетімді ашты.

Операция кезінде балалар анестезиядан шығарылды, олар сұрақтарға жауап берді, нейрохирургтер ісік аймағындағы мидың функционалдық маңызды аймақтарын картаға түсірді және ісіктерді одан әрі жою үшін оларды қайтадан ұйықтатты. №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының мамандары профессор м.ғ.д.А.В.Кимнің мастер классына қатысты: бас дәрігері, ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты М.Р.Рабандияров, нейрохирург, «Алтын шипагер-2019» медициналық сыйлығының лауреаты А.А.Жайылғанов, реанимация және анестезиология кафедрасының меңгерушісі Ж.Ж.Шолахов және басқа да әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер қатысты. Алматыдағы №2 балалар клиникалық ауруханасында балалар нейрохирургиялық қызметі жұмыс істеген екі жарым жыл ішінде Қазақстанның бүкіл оңтүстік өңірінен 1300-ден астам бала емделсе, оның ішінде 800-ден астам балаға ота жасалған.