Роботтандырылған хирургия орталығы. Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы (Өскемен қ.)

2017 ЖЫЛДЫҢ 27 ЖЕЛТОҚСАНЫНДА ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДАҒЫ №1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН  ХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ.

Senhance хирургиялық роботтандырылған жүйесі – аз инвазивті тәсілдер арқылы кешенді эндоскопиялық операцияларды жүргізуге арналған аппарат, хирургқа арналған робот-ассистент. Senhance Transenterix – лапароскопиялық хирургияны дамытудың инновациялық кезеңі. Роботтандырылған эндоскопиялық хирургия технологиясы эндоскопиялық хирургияның және роботтандырылған басқару құралдарының симбиозы болып табылады.

«Медико-Инновациялық Технологиялар» компаниясы Қазақстан Республикасындағы және ТМД елдеріндегі жалғыз, Қазақстан Республикасында териториясында аналогтары жоқ инновациялық роботтандырылған хирургиялық жүйесін Senhance, Transenterix Italy s.r.l. (Италия)  жеткізіп және орнатқан медициналық жабдықтарды жеткізушілердің қазақстандық нарығында ізашары болып табылады.

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДАҒЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖӘНЕ ТҰТАСТАЙ АЛҒАНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ДАМЫТУДА ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУДІҢ ТАБЫСТЫ МЫСАЛЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

Senhance жүйесі, Transenterix Italy s.r.l., Қазақстан Республикасы аумағында және ТМД елдерінде аналогтары жоқ, ол Еуропа елдерінде (Германия, Франция, Италия) ұсынылған және FDA сертификатын алып, АҚШ-та сату мүмкіндігіне ие болды,  бұл өз кезегінде болашақта компанияны ұзақ мерзімді және табысты дамытуға мүмкіндік береді. Senhance жүйесімен жүргізілген операциялар CE белгісімен белгіленген клиникалық дәлелдерге ие, дегенмен жүйенің мүмкіндіктері шектеулі емес және басқа елдерде белгілі роботтандырылған жүйелермен бәсекелесуге мүмкіндігі бар.

SENHANCE ЖҮЙЕСІ ЛАПАРОСКОПИЯЛЫҚ ХИРУРГИЯНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САТЫСЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ТӨМЕНДЕ ХИРУРГИЯЛЫҚ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КЕЙБІР ҚЫЗМЕТТІК МҮМКІНДІКТЕРІ КЕЛТІРІЛГЕН:

Эндоскопиялық операциялардың ауқымын айтарлықтай кеңейтетін операциялық залда еркін жылжу мүмкіндігі бар бөлек үш манипуляторы және видеокамерасы бар көп портты жүйесі;

Жоғары сапалы үш өлшемді кескіні (операциялық өрістің 3D HD кескіні мониторда хирургтың көзінің қозғалысы арқылы бақыланады (ай-трекер);

Жүйе тактильді кері байланыспен (тактильді тұтқыштармен) жабдықталған, бұл өз кезегінде хирургке тіндердің кедергісін, қаншалықты тығыз екендігін сезінуге, яғни, кері байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

Тіндердің визуализациясы және олармен эндоскопиялық манипуляциясы үшін лапароскопиялық саймандарды дәл бақылау, түрлі эндоскопиялық операциялар кезінде қармауды, кесуді, аппроксимацияны, лигирлеуді, электрокоагуляцияны, тігісті жасауды, мобилизацияны және ретракцияны қоса;

Кешен ересек науқастарда эндоскопиялық операцияларды орындау үшін бір рет қолданылатын, көп рет қолданылатын толық лапароскопиялық саймандардың арсеналынан тұрады.

 

3D-Тур