Облыстық қан орталығы (Өскемен қ.)
«Шығыс қазақстан облысының қан орталығы» ШЖҚ МКК Шығыс қазақстан облысының 13 ауданы мен Өскемен қаласының 30-дан астам денсаулық сақтау ұйымын құрамдас бөліктермен, қан препараттарымен және диагностикамен қамтамасыз етеді.
Мобильді бригадалар күн сайын Өскемен қаласы мен облыстың елді мекендеріндегі кәсіпорындарда, ұйымдарда, оқу орындарында донорлық қан дайындайды.
2015 жылдың екінші жартыжылдығында Өскемен қаласында ҚШТ ауданында денсаулық сақтау ұйымдарын жоғары сапалы донорлық қан компоненттерімен қамтамасыз етуге және сол арқылы көптеген адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға мүмкіндік береді беретін халықаралық стандартқа сай құрал-жабдықтармен және технологиялармен жабдықталған облыстық қан орталығының жаңа ғимараты пайдалануға берілді,
Қазақстан республикасының әлеуеті зор болғандықтан, қан қызметін дамыту үшін халықаралық стандарт деңгейінде жаңа технологияларды енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашылуына байланысты бүгінде шығыс қазақстан облыстық қан орталығында өңірдегі денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз компоненттермен және қан препараттарымен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік бар.
Қан орталығы медициналық қызметтің келесі түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
– Қан мен оның өнімдерін сатып алу, қан өнімдерін өндіру және сату.
– Зертханалық диагностика (жалпы клиникалық серологиялық зерттеулер, адамның иммун тапшылығы вирусының зертханалық диагностикасы(АИТВ – инфекциясы)), бактериологиялық, биохимиялық зерттеулер),
– Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (дәрігерге дейінгі көмек)