Қазақстан Республикасы Президенті Істері басқармасының Медициналық орталығының ауруханасы (Астана қ.)

ҚР Президенті Істері басқармасының Медициналық орталығының ауруханасы – Қазақстан Республикасы мен жалпы Орта Азиядағы денсаулық сақтау саласындағы жоғары технологиялық ірі нысандардың бірі.

«Медико-Инновациялық Технологиялар» ЖШС мамандарымен ұсынылған қазіргі заманғы құрылғылар негізінде ұсынылатын қызметтердің кең көлемі, жабдықталудың жоғарғы дәрежесі бұл кешенге медико-технологиялық жобалау мен жалпы қазіргі медицинаның үлгісі болуына мүмкіндік береді.

Құрал-жабдықтардың басым бөлігі алғаш рет әкелініп, қазақстандық нарыққа ұсынылды. Бұрын мұндай жабдық түрін қолданатын медициналық көмекті тек шетелде алуға болатын еді, алайда әлемдік деңгейдегі нысанның іске қосылуымен бұл Қазақстанның бүкіл халқына мүмкін болды және Қазақстандағы медициналық көмекті түбегейлі жаңа деңгейге шығарады.

Әрбір жоба бойынша көп еңбекті қажет ететін жұмыс, қызметкерлердің тәжірибесі мен кәсібилігі «Медико-Инновациялық Технологиялар» ЖШС клиенттеріне ең заманауи және жоғары технологиялық әлемдік деңгейдегі жабдықтарды ұсынуға мүмкіндік береді.

Медициналық орталықтың ауруханасының құрылымы келесі бөлімшелерден тұрады:

  • ядролық медицина бөлімшесі
  • медициналық қалдықтарды жою бөлімшесі
  • радиология бөлімшесі
  • емхана
  • реабилитация және балшықпен емдеу бөлімшесі
  • физиотерапия бөлімшесі
  • зертхана (бак зертхана, ИФА, ПТР, КДЛ)
  • жаттығу және лфк залдары
  • эндоскопия бөлімшесі
  • функциональды диагностика бөлімшесі
  • терапия бөлімшесі
  • урология және нефрология бөлімшесі
  • операциялық бөлімше
  • жүрек-тамыр және интервенциялық хирургия бөлімшесі
  • травматология және ортопедия бөлімшесі
  • хирургия және нейрохирургия бөлімшесі
  • трансфузиология бөлімшесі
  • гипербариялық оксигенация бөлімшесі
  • ұйқы зертханасы
  • гемокоррекция, плазмаферез және гемодиализ бөлімшесі
  • ОСБ