Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Медициналық орталығының ауруханасы (Астана қ.)
ҚР президенті істер басқармасының клинико-реабилитациялық кешені – Қазақстан Республикасымен жалпы орта азиядағы денсаулық сақтау саласындағы жоғары технологиялық ірі нысандарының бірі.
«Медико-Инновациялық Технологиялар» ЖШС мамандарымен ұсынылған қазіргі заманғы құрылғылар негізінде ұсынылатын қызметтердің кең көлемі, жабдықталудың жоғарғы дәрежесі бұл кешенге Медико-Технологиялық жобалау мен жалпы қазіргі медицинаның үлгісі болуына мүмкіндік береді.
Клинико-реабилитациялық кешеннің құрылымы келесі бөлімшелерден тұрады:
- ядролық медицина бөлімшесі
- медициналық қалдықтарды жою бөлімшесі
- радиология бөлімшесі
- емхана
- реабилитация және балшықпен емдеу бөлімшесі
- физиотерапия бөлімшесі
- зертхана (бак зертхана, ифа, пцр, кдл)
- жаттығу және лфк залдары
- эндоскопия бөлімшесі
- функциональды диагностика бөлімшесі
- терапия бөлімшесі
- урология және нефрология бөлімшесі
- операциялық бөлімше
- жүрек-тамыр және интервенциялық хирургия бөлімшесі
- травматология және ортопедия бөлімшесі
- хирургия және нейрохирургия бөлімшесі
- трансфузиология бөлімшесі
- гипербариялық оксигенация
- ұйқы зертханасы
- гемокоррекция, плазмаферез және гемодиализ бөлімшесі
- осб
құрылғылардың көбісі алғаш рет қазақстан нарығына әкелдіріліп, ұсынылады. мұндай құрылғыларды қолданумен өтетін медициналық көмекті бұған дейін тек шетелде алуға болатын, алайда, әлемдік деңгейдегі ҚР президенті істер басқармасының клинико-реабилитациялық кешені сияқты нысанды қолданысқа енгізу арқасында бұл барша қазақстан халқы үшін жетімді болады, сонымен қатар, қазақстанның медициналық қызмет көрсету саласын түбегейлі жаңа дәрежеге алып шығуына мүмкіндік береді.
әр жобамен белсене жұмыс істеп, аянбай тер төгу, тәжірибенің молдығы мен қызметкерлердің жоғары кәсіпқойлылығы «Медико-Инновациялық Технологиялар» ЖШС-ң клиенттерге әлемдік деңгейдегі заманауи және жоғары технологиялық құрылғыларды ұсынуына зор мүмкіншілік тудырады.