Гибридті операция бөлмесі Жедел жәрдем ауруханасы (Семей қ.)

«Медико-Инновациялық Технологиялар” компаниясы бүгінгі таңда Қазақстанда және жақын шетел аумағында теңі жоқ болып келетін хирургиялық араласулар үшін жоғары технологиялық кешенді жасау бойынша бірегей жобаны аяқтады.
Гибридті операциялық кешен жобасы Семей қаласында «Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК негізінде жасалған болатын.

Гибридті операциялық кешен хирургияның көп салалары үшін барлық керек-жарақтарынан тұрады. Гибридті операциялық кешеннің бірегейлігі бір блокта бірнеше бригадалармен бір уақытта жаңа технологиялар мен жүйелердің көмегімен ашық және аз инвазивті лапароскопиялық араласулар өткізілуі мүмкіндігінде.

Жобаның ерекшелігі жаңа әлемдік медициналық технологиялар мен әзірлемелердің шоғырлануы болып табылады. Кешен GE Medical Systems өндірген Discovery IGS 730 ангиографиялық жүйесімен, Brainlab нейрохирургиялық навигациялық жүйесімен, Haag-Streit Surgical (Moller-Wedel) операциялық микроскопымен, Karl Storz видеоэндоскопиялық кешенімен және басқа да әлемдік медициналық техника модельдерімен жабдықталған.

 

3D-ТУР