500 төсек-орынды туберкулезге қарсы диспансер (Астана қ.)
Ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан қаласында 500 төсек-орынға арналған туберкулезге қарсы диспансер құрылысы аяқталды.
Туберкулезге қарсы диспансердің құрылымы келесі бөлімдерден тұрады:
- Дифференциалды – диагностикалық
- Сәулелік диагностика (КТ, рентген, Стоматологиялық рентген)
- Мәжбүрлі емдеу
- Эндоскопия
- Туберкулезбен тұрақты ауыратын науқастарды емдеу
- Бациллярлы емес науқастар
- Қайталанатын жағдайларды емдеу
- Өкпе-хирургиялық
- Созылмалы емделушілер
- Жаңадан анықталған бациллярлы науқастар
Сондай-ақ 3 залға арналған операциялық блок, операциядан кейінгі палата, реанимация және изоляторлар. Аумақта көлік құралдары үшін дезинфекциялау алаңдары және жеке кіреберіс, бөлек тор сатылары бар науқастарды шығару бөлмесі, жергілікті тазарту құрылыстары, шынтақ қолжуғыштар, ағызатын бөшкелер үшін педальдік тиектер қарастырылған. Әрбір палатада, жартылай бокста жергілікті сорғы жүйесі қарастырылған.