240 төсектік онкологиялық диспансердің хирургиялық ғимараты (Астана қ.)

Диспансер халыққа амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмекті көрсету үшін құрылғымен жабдықталған, радиология бөлімшесі, 7 операциялық зал, 12 төсектік реанимациялық бөлімше бар. Радиология бөлімшесінде 2 сызықтық үдеткіш, ішкі қуысты және ұлпалы диагностикалау үшін рентген аппарат, рентгенотерапия үшін аппарат орналастырылған.
Онкологиялық ауруға шалдыққан науқастарға хирургиялық, химиотерапевтикалық, сәулелік, құрама және кешенді емдеу әдістері жүргізіледі.

Қолданысқа 2009ж. тапсырылған