№6 қалалық емхана (Астана қ.)

Қазіргі таңда «№6 қалалық емхана» ШЖҚ МКК – бұл біліктілігі жоғары кадрлары бар және персоналдың жұмысы үшін керемет ұйымдастырылған шарттары бар, сонымен бірге, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін медициналық көмек көрсету үшін көп салалы емдеу мекемесі. Емхананың есептік қуаты ауысымына 500 рет келу, қызмет көрсетілетін халық саны – 95500 , оның ішінде балалар – 22751.

Емханада бірінші және жоғары білікті категориялы, медицина ғылымдарының кандидаты дәрежелі ғалымдар, тәжірибесі және жұмыс өтілі мол дәрігерлер жұмыс істейді. Емхананың жұмысындағы негізгі бағыт болып медициналық қызмет көрсетудің деңгейін және сапасын ретпен арттыру табылады. Емхананың емдеу-диагностикалық базасы, сонымен қатар, заманауи жабдық түрлі ауруларды жоғары дәлдікпен анықтауға және балалар мен ересектерді сапалы, нәтижелі емдеуге мүмкіндік береді. 2012 жылдың аяғында ашылған емхананы қатардағы қарапайым емдеу мекемесі деп айтуға болмайды. Ол жаңа құрылғылармен жабдықталған және науқастарға көптеген қызметтерді ұсынады. Емхана Siemens фирмасының маммографиялық құрылғысы және магниттік-резонансты томографы сияқты құрылғысымен жабдықталған.

Ультрадыбыстық және функциональды диагностика Siemens және General Electric фирмаларының құрылғыларының жаңа модельдерінде жүргізілетін болады. Сонымен бірге, емханада Richard Wolf сияқты дүниежүзіне аты мәлім өндірушінің құрылғыларымен жабдықталған 3 шағын операциялық бөлмесінің бар екендігін ерекше атап өту керек.