№6 қалалық емхана (Астана)

2012 жылдың аяғында ашылған емхананы қатардағы қарапайым емдеу мекемесі деп айтуға болмайды. ол жаңа құрылғылармен жабдықталған және науқастарға көптеген қызметтерді ұсынады. Емхана siemens фирмасының маммографиялық құрылғысы және магниттік-резонансты томографы сияқты құрылғысымен жабдықталған.
Ультрадыбыстық және функциональды диагностика siemens және General Electric фирмаларының құрылғыларының жаңа модельдерінде жүргізілетін болады. сонымен бірге, емханада Richard Wolf сияқты дүниежүзіге аты мәлім өндірушінің құрылғыларымен жабдықталған 3 шағын операциялық бөлмесінің бар екендігін ерекше атап өту керек.
2012 ж.