Құрастырылған модульдік кешен. №2 қалалық аурухана базасындағы ПТР зертханасы (Семей қ.)

Модульдік зертхананы «Медициналық-инновациялық технологиялар» компаниясы дайындап, салып, жабдықтап, «Парыз» қоғамдық қорына берілді. 2020 жылдың наурыз айында №2 қалалық аурухана Семейде бірінші болып коронавирус инфекциясы бар науқастарды қабылдауды бастады және бірнеше ай бойы қаладағы жалғыз уақытша аурухана болып қала берді.

Құруға үш аптадан аз уақыт кеткен ПТР зертханасы 2020 жылдың қараша айының соңынан бастап қалыпты жұмыс істей бастады. Ғимараттың ауданы 132 шаршы метрден асады.

Зертхана блок-модульдік құрылымдар мен құрылыс сэндвич-панельдері негізінде салынған.