Brainlab (Германия) өндірген Exactrac рентгендік жайғастыру жүйесін жеткізуге келісім-шартқа қол қойылды
08 тамыз 2023 жылы МИТ компаниясы «Алматы қ. ҚДСБ» КММ-мен Алматы онкологиялық орталығына Exactrac рентгендік жайғастыру жүйесін жеткізуге келісім-шарт жасасты.
ExacTrac Dynamic жүйесі науқасты жайғастыру мен мониторингілеу жұмыс процестерінің кең ауқымында, сонымен қатар, краниальды локализацияларды емдеу кезінде дәл сәулелендіруді қамтамасыз етеді. Жүйе айтарлықтай жоғары дәлдікті қамтамасыз ете отырып, бет температурасын қадағалау озық технологиясы бар рентген негізінде шынайы уақытта қадағалауды иеленеді.
Төрт өлшемді жылу камерасы беттің сенімді әрі дәлдігі жоғары гибридті картасын жасау үшін науқас денесінің бетін 3D қалпына келтірумен жылу сигнатурасын сәйкестендіреді. Ол үшін жүйе үш өлшемді беттің 300 000 нүктесін қабылдайды және жылу камерасы шығаратын жылу сигналымен сәйкестендіреді, оның арқасында қалпын қадағалау үшін жаңа өлшем жасалады.
МИТ компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында Brainlab (Германия) компаниясының жабдықтарының эксклюзивті жеткізушісі болып табылады.