Паркинсон ауруын Brainlab нейронавигациясын қолдану арқылы емдеу

«Медико-Инновациялық Технологиялар»  ЖШС және BRAINLAB компаниялары Ақтау қаласындағы «SOFIEMED» клиникасында «KICK нейронавигациялық жүйесін» пайдалану арқылы жоспарлау және навигация бойынша жеке тәжірибелік семинарлар ұйымдастырды.Біздің Ақтау қаласындағы практикалық семинарлармен қатар «Неврологиялық ауруларды нейрохирургиялық емдеу. Созылмалы ауырсыну және Паркинсон ауруы» атты білім беру курсы өтті (мемлекеттік үлгідегі сертификат бере отырып) – Халықаралық дипломнан кейінгі білім беру институтының (МИПО) нейрохирургия және неврология бөлімінің меңгерушісі Ч.С.Шашкин өткізді.
Курс барысында стереотаксикалық жоспарлауды қолданумен екі DBS операциясы және бір паллидотомия операциясы өтті.