Орта Азияда алғаш рет – Brainlab (Германия) өндірген Exactrac Dynamic сәулелік терапияның сапасын арттыру үшін озық жүйесі

 

Біздің компания алғаш рет Орта Азияда Brainlab (Германия) өндірген Exactrac Dynamic сәулелік терапияның сапасын арттыру үшін инновациялық жүйенің Алматы онкологиялық орталығына жеткізілуін жүзеге асырды.

 

 

Exactrac Dynamic жүйесі толығымен сызықтық үдеткішпен біріктіріледі және процедураны орындау барысында науқастың қалпын жайғастыру және мониторингілеу арқасында миллиметрге дейін дәл сәулелендіруді қамтамасыз етеді. Сәулелік терапияның нәтижелілігі мен қауіпсіздігі ісікке әсер етудің дәлдігіне тікелей байланысты. Сәулелер нысанаға – қатерлі жасушаларға барынша әсер етуі, алайда қоршаған тіндер мен органдарды зақымдамауы өте маңызды.

ExacTrac Dynamic жүйесінің қарапайымдылығы, дәлдігі мен жылдамдығы көптеген науқастарда бір уақытта сеанс ұзақтығын қысқарта отырып, дозаның дәлдігін арттырып, нәтижелі қолдануға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда сәулелік терапия кезінде жаңа жүйені қолдану рецидивтер мен асқынулар санын азайтып, оның сапасын арттырады.

Сәулелендіру кезінде науқас қалпын стереоскопиялық рентгендік жайғастыру және қадағалау жүйесі нысаналардың әрі қарай дәл сәулелендіруі үшін жоғары бір реттік дозалармен науқастың дәлдігі жоғары жайғастыруын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Екі ортогональды суреттерден науқас денесіне дозалық жүктемелер КТ орындау кезінде конустық сәуледе айтарлықтай аз болып келеді.

Бір уақытта алатын ортогональды суреттердің пары науқас қалпын жайғастыру және верификациялау үшін қолдану науқастардың үлкен ағымы кезінде өте маңызды радиотерапия сеансының уақытын азайтуға мүмкіндік береді.

Науқастың қалпын үстел қозғалысының көмегімен толығымен автоматты түзетуді өткізу мүмкіндігі жайғастыру сапасына «адам факторының» теріс әсерін болдырмайды.

Сәулелендіру процедурасы кезінде науқастың қалпын оптикалық қадағалау қызметі қызығушылық аймағының қозғалмайтындығын бақылауға және бүкіл сәулелену кезінде, соның ішінде үстелді айналдыру кезінде әсердің дәлдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Жүйе көп өрісті сәулелендірудің заманауи технологияларын, динамикалық әдістерді, қолдануға, көптеген интракраниальды нысаналарды нәтижелі және қауіпсіз сәулелендіруге мүмкіндік береді.

Автоматты сегментация және контурлау және жоспарларды дайындау жүйесі нысана контурларын және маңызды құрылымдарды анықтау сапасын жоғалтусыз жоспарды дайындауға кететін уақытты айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

МИТ компаниясы Қазақстандағы Brainlab (Германия) өнімдерінің эксклюзивті жеткізушісі болып табылады.