Nihon Kohden компаниясының Қазақстандағы практикалық семинарлары

Медико-Инновациялық Технологиялар компаниясы 2021 жылдың желтоқсанынан бастап және 2022 жылдың ақпан айының ішінде Қазақстанның ауруханаларына  жоғары сенімді заманауи медициналық технологиялардың Жапонияның жетекші жеткізушілерінің бірі NIHON KOHDEN компаниясы шығарған   NKV-550 100-ден астам  Өкпені жасанды желдету аппаратын  жеткізді.
Біздің компания NIHON KOHDEN компаниясының Қазақстандағы эксклюзивті дистрибьюторы бола отырып, 2022 жылдың ақпан айында Нұр-Сұлтан, Өскемен және Семей қалаларындағы ауруханалар базасында NIHON KOHDEN EUROPE өкілдері Патрик Ниеборг пен Ярослав Мурзиннің қатысуымен оқыту семинарларын ұйымдастырды.

2022 жылдың 21 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының №2 Қалалық Ауруханасында Жаңа туған нәрестелердің жан сақтау және қарқынды терапия қызметкерлері қатыстырылған оқыту семинары өтті.  NKE әріптестері жаңа туған нәрестелермен жұмыс істеу кезінде  NKV -550 Өкпені жасанды желдету аппаратының негізгі артықшылықтарын ашты.  Тәжірибеде  NKV-550-де  Өкпені жасанды желдету кезінде  сатурацияны, капнометрияны бақылау мүмкіндіктері көрсетілді.   Бұл құрылғының ерекше әмбебаптығы тыныс алуды қолдаудың әртүрлі түрлерін  орындау кезінде атап өтілді: классикалық механикалық желдету мен nCPAP-тан жоғары ағынды және стандартты оттегі терапиясына дейін.
2022 жылдың 23 ақпанында Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығында  қаланың төрт ауруханасының қызметкерлеріне семинар өтті.  Тәжірибеде дәрігерлерге  NKV -550  Өкпені жасанды желдету аппаратының ерекшеліктері көрсетілді,  ересектер мен жаңа туған нәрестелерге Өкпені жасанды желдету аппаратын қолдану ерекшеліктері аталып өтілді, сондай-ақ құрылғының кең ауқымды мүмкіндіктерін пайдалануы, оның ішінде негізгі нұсқада барлық нұсқалардың бағдарламалық жасақтамасының болуына байланысты,  Өкпені жасанды желдету аппаратын қашықтан басқару функциясымен екінші мониторды қосуы аталып өтті
Еуропадан келген әріптестер сапарының келесі орыны Семей қаласындағы «Жедел жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК болды.  2022 жылдың 24 ақпанында аурухана базасында бес қалалық аурухананың анестезиолог-реаниматологтарына семинар өтті.  NKE мамандары аппараттың құрылғысын, режимдерін, функционалдығын, техникалық қызмет көрсету аспектілерін егжей-тегжейлі сипаттады.  SpO2 және CO2 сенсорларының қатысуымен кірістірілген функционалдылыққа байланысты  сатурация мониторингі мен капнографияны жүргізу мүмкіндігі атап өтілді.

Қазақстандық дәрігерлермен кездесулер құрылғының функционалдығын одан әрі жақсарту үшін NKV-550  бойынша мамандандырылған мамандардың тәжірибесін мұқият зерттеген өндіруші өкілдері үшін де пайдалы болды.

https://www.facebook.com/121676528461418/posts/927516121210784/