Нейрохирургтар форумында Brainlab компаниясынан инновациялық жабдық

Алматы қаласында 13-14 қазан 2023 жылы өткен «Нейрохирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық қатысумен Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының аясында біздің компания медициналық жабдықтардың көрмесінде қатысты.

Біздің мамандар Brainlab (Германия) компаниясының соңғы жасап шығарған әзірмелерін, визуализация және жоспарлау үшін заманауи бағдарламалық қосымшасы бар MixedReality Viewer   бар Magic Leap виртуальды шынайылық көзілдірігін ұсынды.

Инновациялық роботтандырылған жүйелер ерекше қызығушылықты тудырды.

LOOP-X роботтандырылған визуализация жүйесі – роботтандырылған жылжу мүмкіндіктерінің арқасында сканер мен навигациялық жүйесінің өзара әрекеттесуінің жаңа тәсілін ұсынатын 2D және 3D визуализация үшін интраоперациялық құрылғысы. Loop-X — бірыңғай тіреу беті бар шағын және жеңіл жүйе болып табылады. Loop-X сканерлеудің кең аумағын орнатуға, коллиматордың шоғыр пішінін үздіксіз бейімдеуге, рентгендік сәулелендіруді фильтрлеуге және сәулелендіру дозасын азайтуға мүмкіндік береді.

CIRQ роботтандырылған манипуляторы – нейрохирургиялық көрсеткіштердің тұтас қатары үшін операциялық бөлмеде роботтандырылған технологияның артықшылықтарын қолдануға мүмкіндік береді:

– спинальды процедураларда операцияға дейін және операция кезінде жоспарланған траекториялар бойынша автоматты теңестіруі бар винттерді дәл жайғастыруды жеңілдетеді;

– бас миының хирургиясында – биопсия, DBS, стерео ЭЭГ сияқты краниальды процедуралар кезінде теңестіру үшін.

Үлкен қызығушылық Паркинсон ауруының хирургиялық емдеуі үшін таргет Stereotaxy бағдарламалық қамтамасыздандыруының жаңартылған нұсқасына танытылды.

МИТ компаниясы Қазақстан Республикасындағы Brainlab (Германия) компаниясының эксклюзивті дистрибьюторы болып табылады.

Сатып алу сұрақтары бойынша жетекші менеджер Сауле Искаковамен мына нөмір бойынша хабарласуға болады: +7 701 218 91 48.