МИТ және «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Өскемен қ. онкологиялық орталыққа Elekta Versa HD сызықтық үдеткішін жеткізу жобасын жүзеге асыруда
«Медико-Инновационные Технологии» (МИТ) ЖШС ШҚО көпсалалы «Онкология және хирургия орталығы» ШЖҚ КМК-ны заманауи электронды сызықтық үдеткіш — Elekta Versa HD құрылғысымен жабдықтау жобасын іске асыруға кірісті.

Жобаны қаржыландыруды Шығыс Қазақстан облысының онкологиялық қызметін дамытуға бағытталған қайырымдылық бағдарлама аясында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қамтамасыз етеді. Жобаны үйлестіруді Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты АҚ жүзеге асырады.
Жоба аясында МИТ жұмыстардың толық циклін орындайды: жабдықты жеткізу, бункерді дайындау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары, үдеткішті орнату және іске қосу-баптау, медициналық персоналды оқыту және пайдалануға енгізу.
Elekta Versa HD — сәулелік терапияға арналған ең заманауи жүйелердің бірі. Бұл құрылғы IMRT, VMAT, IGRT, SRS/SBRT сияқты технологияларды қолдана отырып, онкологиялық ауруларды жоғары дәлдікпен емдеуге мүмкіндік береді. Жеткізу жиынтығына PTW дозиметриялық жүйесі мен Orfit иммобилизациялық құрылғылары кіреді. Жабдықты пайдалануға беру 2026 жылдың екінші жартысына жоспарланған.
Өскемен қаласында жаңа сызықтық үдеткіштің пайда болуы Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары үшін сәулелік терапияның қолжетімділігін едәуір арттырады. Бұл онкологиялық науқастардың өмір сүру ұзақтығы мен өмір сапасына тікелей оң әсер етеді, өйткені заманауи сәулелік терапия әдістері ісіктерді жоғары дәлдікпен емдеп, сау тіндерге әсерді барынша азайтуға мүмкіндік береді.
МИТ Қазақстандағы Elekta Solutions AB (Швеция) компаниясының ресми дистрибьюторы болып табылады.


