МИТ компаниясы Алтай және Аягөз қалаларында ангиографиялық операциялық жүйелер жобаларын табыспен жүзеге асырды

МИТ компаниясы қазақстандық тәжірибеде алғаш рет аудандық ауруханалар базасында ашылған ангиографиялық операциялық жүйелер жобаларын табыспен іске асырды. Енді облыс орталығы мен Семей қаласынан айтарлықтай шалғайда жатқан осы өнеркәсіптік моноқалалардың пациенттеріне жіті миокард инфарктісі және жіті инсульт бойынша жол карталарын іске асыру шеңберінде мамандандырылған медициналық көмек көрсетілуі мүмкін болып отыр.
Ангиографиялық операциялық бөлмелер GE Optima IGS 330 ангиографиялық жүйесінің негізінде салынған, ол аталған дәрежелі сыныптағы ең сенімді рентген түтіктерінің бірімен жабдықталған. GE Optima IGS 330 ангиографиялық жүйесінің бағдарламалық жасақтамасы лезде іске қосылатын негізгі процедураларға арналған клиникалық хаттамалардан, сондай-ақ 7 траекторияға дейін бағдарламалау мүмкіндігін беретін InnovaSpin ротациялық ангиографиясы үшін қолданбадан тұрады, бұл контрастты заттекті үнемдеуді және сәулелену дозасының азаюын қамтамасыз етеді.