«Медициналық-Инновациялық Технологиялар» ЖШС Hi-R 1000 операциялық микроскобын және хирургиялық навигациялық жүйені жеткізуге шарт жасасты

«Медициналық-Инновациялық технологиялар» ЖШС Алматы қаласының № 2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасына нейрохирургия, қан тамырлары хирургиясы, нейроонкология үшін HI-R 1000 операциялық микроскобын, сондай-ақ Сurve Dual Display хирургиялық навигациялық жүйесін (өндіруші: Brainlab AG, Германия) жеткізуге шарт жасасты. Премиум дәрежелі микрохирургиялық жүйе Hi-R микроскобы мен ең соңғы FS 5-33 еден штативінің негізінде жасалған. Жүйе көптеген тәжірибелі нейрохирургтарды таң қалдыра алатын бірқатар ерекше қасиеттер мен сипаттамаларға ие. Микроскоптың оптикалық қасиеттері ең жоғары сапа стандарттарына сәйкес келеді. Микроскоп тіркеу жүйесімен, full HD бейне жүйесімен, қосымша интраоперациялық жарықтандыру модульдерімен: ICG флюоресцентті ангиографиясы және ALA нейроонкология модулі, сондай-ақ хирургқа арналған арнайы кресломен жабдықталған. Жайғасуды өзгерту мүмкіндігі бар екі 27 дюймдік сенсорлық монитордың болуы, интеллектуалдық бағдарламалық жасақтама, Full HD ажыратымдылығы, аса жоғары дыбыс сапасы, эргономика және Curve хирургиялық навигациялық жүйесіндегі тартымды дизайн оны дәстүрлі навигациялық жүйелерден ерекшелендіреді. Жүйе анатомиялық құрылымдарды ашық және сол сияқты теріасты процедураларында дәл анықтауға көмектесу үшін қажет. Жүйені стереотаксикалық хирургия қолданылатын кез-келген ауру жағдайында қолдануға болады. «Медициналық-Инновациялық технологиялар» ЖШС Алматы қаласындағы басқа да жетекші ауруханаларға ЛОР, офтальмология (көздің артқы және алдыңғы бөлігінде жұмыс істеу үшін), нейрохирургия және қан тамырлары хирургиясы үшін операциялық микроскоптарды жеткізуге келісім шарт жасасты. «Ай доктор» клиникасында қазіргі уақытта офтальмохирургияға арналған (көздің артқы және алдыңғы бөлігінде жұмыс істеу үшін) Hi-R NEO 900 операциялық микроскоп сынақтан өтуде.
https://www.eyedoctor.kz/