МИТ компаниясы – “Орта Азиялық онкологиялық аурулар аптасының” демеушісі

Біздің компания “Орта Азиялық онкологиялық аурулар аптасының” демеушісі ретінде қатысты. Іс-шара Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығымен ұйымдастырылған және Астана қаласының Конгресс орталығында 2023 жылдың 6-8 қыркүйек аралығында өткен болатын. Оқиға Орта Азиядан онкология саласындағы жетекші мамандар мен кәсіпқойлардың назарын аудартты.

Біздің компания конференция қатысушыларына сәулелік диагностика, терапия және ядролық медицина саласында жетекші әлемдік деңгейдегі өндірушілерден инновациялық жабдықтарды ұсынды:

Нақты және нәтижелі сәулелік терапия үшін сызықтық үдеткіш Versa HD (Elekta, Швеция);

Сәулелік терапия кезінде науқастың қалпын мұқият мониторингілеу үшін ExacTrac (Brainlab, Германия)  жүйесі;

Сәулелік терапияның дозиметриясы және сапасын бақылау үшін Beamscan (PTW, Германия);

Радиофармацевтикалық дәрмектерді қауіпсіз енгізу үшін IRIS радиофармацевтикалық көп дозалы инжекторы (Comecer, Италия);

Радиотерапияны өткізу кезінде науқастарды бекіту және иммобилизациясы үшін инновациялық шешімдер (Orfit, Бельгия);

КТ және МРТ өткізу кезінде контрастты затты енгізу және кескіннің сапасын жақсарту үшін Ulrich (Германия) инжекторлары.

Қуықасты безі қатерлі ісік ауруын жанасусыз емдеу үшін революциялық шешім – Exablate Prostate (Insightec, Израиль) жүйесін ерекше атап кету керек. Инновациялық технология шынайы уақытта МРТ бақылауымен фокусталған ультрадыбысты ісік жасушаларын жою үшін қолданады және кесусіз және сәулелік жүктемесіз емдеу шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.

МИТ Қазақстандағы тәжірибелік денсаулық сақтау дамытуға бағытталған іс-шараларды қолдауға және онкология саласында алдыңғы қатарлы технологияларды насихаттауға үлкен мән береді.