«COVID-19 емдеу алгоритмі. Джон Хопкинс ауруханасының тәжірибесі» тақырыбында Павлодар облысының дәрігерлеріне арналған вебинар
2021 жылдың 23 маусымында Павлодар облысының дәрігерлеріне арналған «COVID-19 емдеу алгоритмі. Джонс Хопкинс ауруханасының тәжірибесі» тақырыбындағы вебинар сәтті өтті. Тәжірибе алмасу Павлодар облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы А.Қ.Ситказиновтың бастамасы және Қазақстан Республикасының Сан-Францискодағы Бас консулы А.С.Әбдірайымовтың белсенді қатысуының нәтижесінде мүмкін болды. Вебинар «Медико-Инновациялық Технологиялар» компаниясының техникалық және ұйымдастырушылық қолдауымен пандемиямен күрес аясында американдық дәрігерлер мен қазақстандық әріптестер арасындағы онлайн кездесулер сериясын жалғастырды.
Өзінің құттықтау сөзінде Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.А.Құрманова вирустың жаңа штаммдарының пайда болуымен күрделі өзгермелі жағдайда тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті. Вебинар аясында Джонс Хопкинс ауруханасының дәрігерлері Бенджамин Боднар (Benjamin Bodnar), Ребекка Дезубе (Rebecca Dezube) және Аляксей Пуставойтау COVID-19 бар науқастарды госпитализациялау көрсеткіштерін, науқастарды үйде және стационарда жүргізу тактикасын, дәрілік заттарды қолдануды атап өтті, сонымен қатар қатар жүретін аурулар мен асқынуларды ескере отырып, реанимациядағы науқастарға қарқынды терапия мәселелерін қарастырды. Сонымен қатар, қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру, ресурстарды қайта бөлу, пациенттерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету, реанимация бригадаларының рөлі, тыныс алу органдарын сұйық оттегімен қамтамасыз ету және т.б. мәселелер талқыланды.
Вебинар барысында облыс дәрігерлері белсенді түрде сұрақтар қойып, америкалық әріптестерінің тәжірибесіне үлкен қызығушылық танытты. Атап айтқанда, А.Қ.Ситказинов Джонс Хопкинс аурухана жүйесінде медициналық көмекті ұйымдастыру, жаңа үнді штаммын емдеу, вакцинацияның науқастардың аурушаңдығына және ауруханаға жатқызылуына әсеріне байланысты, сондай-ақ пациенттерді оңалту проблемасына, оның ішінде асқынуларға қатысты бірқатар сұрақтар қойды. Ребекка Дезуб Джонс Хопкинс аурухана жүйесінде науқастарды оның ішінде аурудың кардиологиялық, неврологиялық, психологиялық салдары бар және пост-COVID синдромы бар науқастарды оңалту бағдарламасын әзірлеген арнайы пост-COVID клиникасы ұйымдастырылғанын айтты.