Brainlab және МИТ қолдауымен нейромодуляция бойынша конгресс
МИТ компаниясы Brainlab жетекші дүниежүзілік өндірушісімен бірлесіп, 2025 жылдың 2-4 қазанда Алматы қ. өтетін Нейромодуляция бойынша Халықаралық конгрестің күміс демеушісі ретінде қатысады.
Конгрес «Қазақ нейромодуляция қоғамы» ҚБ-ң ұйымдастыруымен өтеді, ол Қазақстандағы осы саладағы алғашқы кәсіби платформа және International Neuromodulation Society (INS) ұлттық бөлімі болып табылады.
Конгресс бағдарламасына мыналар кіреді:
- Нейромодуляцияны қолдану арқылы неврологиялық ауруларды емдеудің соңғы технологияларын талқылау;
- Жаһандық оқиғалардың презентациялары, соның ішінде Илон Масктың Neuralink жобасы;
- Нейромодуляцияның негізгі мәселелері бойынша мамандандырылған воркшоптар.
3-4 қазанда Қазақстан Республикасының Ғылым академиясында өтетін медициналық жабдықтар көрмесіне ерекше назар аударылады.
МИТ компаниясы көпшіліктің назарына ұсынады:
- Нейрохирургиялық араласулардың жоғары дәлдігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Brainlab Elements Stereotaxy стереотакстық жоспарлауына арналған жұмыс станциясы мен бағдарламалық жасақтама;
- Медицинa саласында толықтырылған және аралас шындық мүмкіндіктерін көрсетуге арналған Mixed Reality Viewer бар Magic Leap 1
Brainlab Elements — бұл заманауи стереотакстық жоспарлауға арналған бағдарламалық жасақтама, ол көптеген доғалармен және импланттармен үйлесімді және миды терең стимуляциялау (DBS), биопсия және стереоэлектроэнцефалография (sEEG) кезінде қолданылады.
Ерекшеліктері:
-
Бірегей анатомиялық карталау технологиясы базальды ганглийлерді қоса алғанда, өмірлік маңызды құрылымдардың 3D-модельдерін жасауға мүмкіндік береді;
-
«Жасанды тін» үлгісі мидың тіндерін жіктеуге, аномалиялар мен асимметрияларды анықтауға көмектеседі;
-
Тінге негізделген сегментация науқастың жеке ерекшеліктерін ескеріп, дәл әрі қауіпсіз жоспарлауды қамтамасыз етеді.
Біз Конгреске қатысу нейромодуляцияны дамытуға және мамандар арасында озық тәжірибе алмасуға елеулі үлес қосатынына сенімдіміз.
Толығырақ Конгресс туралы: ins-im2025.org
Толығырақ Brainlab технологиялары туралы: brainlab.medico-intech.kz





