Риддер қаласында 140 орындық аурухана және ауысымына 500 келушіге арналған емханасы бар көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы
МИТ Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында ірі жобаны жүзеге асыруға қатысады
Риддер қаласында (ШҚО) 140 орындық аурухана мен ауысымына 500 келушіге арналған емханасы бар көпсалалы аурухана кешенінің құрылысын 2023 жылы аяқтау жоспарлануда.
Қазіргі таңда нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Аурухана кешені бірнеше блоктан тұрады, онда емхана, зертхана, сәулелік диагностика, әйелдер консультациясы, функционалды диагностика бөлімін, эндоскопия бөлімін, хирургиялық бөлімшелері бар операциялық блок, күндізгі стационар, оңалту бөлімін орналастыру жоспарлануда.
Операциялық блок жалпы хирургиялық, травматологиялық және гинекологиялық араласуларды орындауға арналған таза бөлмелер кешені мен орталықтандырылған медициналық газбен қамтамасыз етілген бірнеше операциялық бөлмелерден тұрады.
Біздің компания бүкіл аурухана кешенін жабдықтауға арналған жабдықтарды жеткізу жұмыстарын бастады.