«Ұлттық нейрохирургия орталығында» «ExAblate Neuro – тіліксіз нейрохирургия» тақырыбындағы тұсаукесер.

2023 жылдың 30 қаңтарында «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ-да МРТ (ФУЗ МРТ) бақылауымен фокусталған ультрадыбыстықпен абляцияның инновациялық технологиясының тұсаукесері өтті. Тұсаукесер рәсіміне «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы профессор, академик С.Қ.Ақшолақов, ұлттық орталықтың бөлім меңгерушілері мен дәрігерлері қатысты.

МИТ Инсайтек (INSIGHTEC, Израиль) компаниясының бірегей әзірлемелерін ұсынды – ExAblate Neuro. Бұл жүйе эссенциалдық треморды және Паркинсон ауруының басым түрінің треморын емдеуге арналған. Пациенттер амбулаториялық негізде бір сеанста бас сүйегінің тіліктері мен трепанациясынсыз, қолдар мен аяқтардың треморынан (дірілдеуінен) құтылу мүмкіндігін алады, өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартады.

Технология таламус, субталамус және паллидум ми аймақтарының фокусталған ультрадыбыстық көмегімен термиялық абляция және тіндердің қызу температурасын нақты уақыт режимінде бейнелейтін магнитті-резонансты бейнелеу (МРТ) комбинациясына негізделген.

 

Технология FDA және CE мақұлданған және бүкіл әлемде кеңінен қолданылады (Америка, Еуропа және Азиядағы 125-тен астам клиникаларда). Процедура көптеген жылдар бойы өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдеді.

Медико – Инновациялық Технологиялар – INSIGHTEC компаниясының Қазақстандағы өкілі. Біз Өскемен қаласындағы Көпсалалы онкология және хирургия орталығының базасында онкология саласында қолдану үшін ФУЗ МРТ қолданатын компанияның тағы бір әзірлемелерін іске асырдық (жобалар бөлімін қараңыз).

https://medico-intech.kz/projects/mrgfus-fuz-mrt-mnogoprofilnyj-czentr-onkologii-i-hirurgii-g-ust-kamenogorsk/