Senhance, Transenterix (АҚШ) хирургиялық роботтандырылған жүйесінде жұмыс жасайтын дәрігерлер тобын оқыту.
Өскемен қаласындағы №1 Қалалық аурухананың базасында роботтандырылған хирургия орталығын жабдықтау шеңберінде
«Медико-Инновациялық Технологиялар» компаниясы TransEnterix компаниясымен бірлесе отырып, Қазақстандық жетекші дәрігерлерге Senhance роботтандырылған жүйеде жұмыс істеуге арналған алғашқы тренинг ұйымдастырды және табысты өткізді.Халықаралық тренинг Еуропалық Одақ елдері, Германия және Италия елдерінде, TransEnterix компаниясының жетекші хирургтары мен сарапшылары, атап айтсақ доктор Стефано Джидаро және доктор Дитмар Стефан жетекшілігімен өтті.
St.Maren-Krankenhaus клиникасында (Зиген қ., Германия) Қазақстандағы жетекші клиникалардың дәрігерлерінің операциялық топтары Senhance хирургиялық жүйе жұмысының принциптерімен танысты және оны қолданып лапароскопиялық операцияларға қатысты.
TransEnterix тренинг орталығында (Милан қ, Италия) жүйемен жұмыс істеу бойынша егжей-тегжейлі тренинг өткізді, дәрігерлер Senhance жүйесінің барлық элементтерінің құрылымы мен механизмімен танысты, жүйені құру мен басқару дағдыларын меңгерді, симуляциялық жабдықтар бойынша жаттығулар өткізді.
Қазақстанға оралған соң, хирургтер Өскемен қаласындағы №1 Қалалық ауруханада симуляциялық жабдықтарды пайдалана отырып, Senhance роботтандырылған хирургиялық жүйе бойынша үйренген дағдылар мен жаттығуларды жасауға, оқуды жалғастыруға мүмкіндіктері бар.
Тренинг барысында алған хирургтардың біліктілігі мен дағдылары медициналық қызмет сапасын жаңа деңгейге жеткізеді.
Өскемен қаласындағы роботтандырылған хирургия және симуляциялық орталығының ашылуы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудағы маңызды оқиға болып табылады.