Қазақстан республикасы анестезиологтары мен реаниматологтарының iii конгресі
2019 жылғы 20-22 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында «Медициналық-Инновациялық технологиялар» компаниясы Қазақстан Республикасы анестезиологтары мен реаниматологтарының III Конгресіне, «КОАР» ҚБ және Open Medical Institute (Medical Education Beyong Borders) Америкалық-Австриялық қорының бастамасымен III Қазақ-Израиль Анестезиологтар мен Реаниматологтар Симпозиумына және «Акушерлік Анестезиология» Сателлиттік Симпозиумына қатысты.


Қазақстан Республикасындағы эксклюзивті дистрибьютор құқығымен компаниямыз жетекші әлемдік өндірушінің «Nihon-Kohden» атты ең жаңа модельдерін таныстырды. Серіктестеріміз General Electric пен AKGUN аппараттарының ұсынылған жаңа үлгілері де жұрт назар аударды.

Конгресс жұмысына алыс және жақын шет елдердің жетекші ғалымдары мен практикалық денсаулық сақтау мамандары қатысты. Конгресс аясында қазақстандық және шетелдік жетекші мамандардың қатысуымен шеберлік сабақтары өткізілді


