Семей қаласының жедел жәрдем ауруханасындағы гибридтік операциялық бөлменің мүмкіндіктері медициналық

2019 жылдың тамыз айында Семей қаласындағы Жедел медициналық жәрдем ауруханасы базасында «Медициналық-Инновациялық Технологиялар» ЖШС жабдықтаған гибридтік операциялық бөлмеде гибридтік операциялық бөлменің бірегей мүмкіндіктерін көбірек дәрежеде аша түсуге мүмкіндік беретін операция жүргізілді. Тәжірибелі нейрохирург дәрігерлер нейронавигацияны пайдалана отырып, диаметрі шамамен 2 см төбе аймағының парасагитальды ісігін алып тастау бойынша операция өткізді.

Нейрохирургияға арналған инновациялық бағдарламалық шешімдердің әлемдік жетекші өндірушісі – Brainlab компаниясының заманауи хирургиялық навигациялық жүйесі гибридтік операциялық жүйе жобасының құрамына кіреді және хирургтарға орталық жүйке жүйесіндегі патологиялық өскіндердің орналасуын, мөлшері мен формасын жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. 

«Медициналық-Инновациялық технологиялар» ЖШС Қазақстандағы «Brainlab» компаниясының ресми дистрибьюторы екенін еске сала кетейік. Мұндай инновациялық шешімдер, әрине, ота жасау деңгейін арттырады және отадан кейін науқасты қалпына келтіру процесіне оң әсерін тигізеді.

Гибридтік операциялық жүйе жабдықты біріктіру функциясын пайдалану кезінде одан да көп мүмкіндіктерге жол ашады. Мысалы, Brainlab навигациялық жүйесі HAAG-Streit HS 5-1000 операциялық микроскобымен біріктірілуі мүмкін, бұл күрделі операцияларда да жоғары дәлдікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Мәселе навигациялық жүйе мен микроскопты бір операциялық модульге біріктіруге болатындығында, оны пайдалану кезінде хирург патологиялық өскіндерді және олардың айналасындағы тамырлардың виртуалды көлемді бейнесін тікелей микроскоптың окулярынан көре алады. 

Гибридтік операция жасайтын хирургтар тобы келіп түсетін пациенттерге нейрохирургиялық көмектің жоғары деңгейін көрсету мақсатында осындай мүмкіндіктерді жақын арада игермекші.