Алтай және Аягөз қалаларында интервенциялық кардиология саласында операция жасалды

Шығыс Қазақстан облысында Аягөз және Алтай қалаларының ауданаралық ауруханалары базасында Тері арқылы тәжартериялық араласу орталықтары ангиографиялық зертханамен жұмыс істей бастады.

Қазақстанда алғаш рет аудандық деңгейде интервенциялық кардиология саласында ота жасалды. Бір апта ішінде 10 коронарография және тәжартериялық стенттерді орнату бойынша 3 операция жасалды.

Аудан тұрғындары «алтын сағат» аясында тұрғылықты жерінен шықпай-ақ жоғары технологиялық көмек алып жатыр.


2018 жылдан бері ауруханаларда 3H (триаж) жүйесі бар заманауи қабылдау бөлмелері және компьютерлік томографтары бар екінші деңгейдегі инсульт орталықтары сәтті жұмыс істеуде.


Жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандыру және 3Н (триаж) типі бойынша қабылдау бөлмелерін құру жөніндегі жобалар