Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық инфекциялық аурухананың жаңа филиалында болды

«Қасым-Жомарт Тоқаев 500 адамдық стационарлық медициналық көмек көрсетуге арналған заманауи құрылғылармен жабдықталған палаталарды аралап көрді. 

Кездесу соңында Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне пандемиямен күрес жүріп жатқан күрделі жағдайдағы қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты» – дереккөз www.akorda.kz сайты.
«Медициналық-Инновациялық технологиялар” ЖШС компаниясы Covid-19 жұқтырған науқастарға көмек көрсету үшін И.Жекенова атындағы клиникалық инфекциялық аурухананы жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықтауға және жобалауға тікелей ат салысты.

Диагностикалық блок шарт шеңберінде Жапониядағы GE Healthcare Japan Corporation өндірген C Revolution EVO компьютерлік томографымен,  Қытайда GE Medical Systems China Co. және Кореяда GE Ultrasound Korea, Ltd өндірген LOGIQ Е, LOGIQ S7, Logiq P9 ультрадыбыстық диагностикалық жүйелерімен жабдықталды.

ПТР диагностикалайтын зертханалық бөлім, медициналық қалдықтарды залалсыздандыру бөлімі, сондай-ақ елдегі ең ірі палаталық бөлім ашылды.

Ауруханада медициналық газбен жабдықтау жүйесі, желдету жүйесі жүргізіліп, таза бөлмелер кешені қамтамасыз етілді.
Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық инфекциялық аурухана филиалының ашылғаны туралы бейне-роликпен бөлісті.
Роликті толықтай https://www.instagram.com/p/CFlpG9Dh1BN/?utm_source=ig_web_copy_link парақшасында көруге болады.