Сан-франциско кітапханасында қазақ әдебиеті бөлімінің ашылуы
Қазақтың әйгілі ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Медициналық-Инновациялық технологиялар» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Михаил Гутерманның қаржылай қолдауымен Сан-Францисконың бас көпшілік кітапханасында Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті секциясы ашылды.

Кітапханаға қазақ, орыс және ағылшын тілінде 400-ден астам кітап ұсынылды. Олардың қатарында тарихи және ғылыми-көпшілік әдебиеттер, Шоқан Уәлиханов, Жамбыл Жабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Олжас Сүлейменов сынды қазақ ақындары, прозаиктері мен ғалымдарының еңбектері бар.
Қазақ әдебиеті бөлімінің ашылуын Қазақстанның Сан-Францискодағы Бас консулдығы «Отандастар» қорының, Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаеваның көмегімен кітапхана директоры Томас Фортин мен Сан-Франциско қалалық мэриясы өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырды.

Сан-Франциско кітапханасы 1878 жылы құрылған, оның қорына 4 миллионнан астам басылым кіреді. Жыл сайын кітапхана 1 миллионнан астам оқырманға қызмет көрсетеді.


