«Медициналық – Инновациялық Технологиялар» компаниясы шығыс қазақстанға заманауи птр-диагностикалау зертханасын сыйға тартты

Модульная лаборатория спроектирована, построена, оснащена «под ключ» компанией «Медико – Инновационные Технологии» и передана на безвозмездной основе общественному фонду «Парыз».

№2 қалалық аурухана өткен жылдың наурыз айында Семейде бірінші болып коронавирустық инфекциясы бар науқастарды қабылдай бастады және бірнеше ай бойы қаладағы жалғыз провизорлық стационар болған еді. Енді ол коронавирустық инфекциямен күресудің әлеуетті құралы – күніне 1000-ға жуық тест жасауға қуаты бар шынайы уақыт режиміндегі ПТР –молекулалық зерттеулер жүргізуге арналған “толық дайын” зертханаға ие болды. Жаңа зертхананы гепатит, СПИД, сальмонеллез және тағы сол сияқты басқа инфекцияларды да анықтау үшін қолдануға болады.  

ПТР – зертхана ауруханаға ауадай қажет еді, бірақ оны ескі ғимаратқа орналастыру мүмкін болмады, себебі онда санитариялық-гигиеналық нормалар мен режим комиссиясының талаптарына сәйкес келетін бос орындар болған жоқ. «Медициналық – Инновациялық Технологиялар» компаниясы мұның шешімін тапты: «дайын» зертхана аурухананың бас ғимараты жанында орналасқан қолайлы бос учаскеде бірегей модульдік үлгіде әзірленген, жобаланған және іске асырылған.

– Біздің ПТР-зертханамыз қаланың сол жағалауында орналасқан, бүгінде ол – Семейдің осы бөлігіндегі жалғыз зертхана. Үлгілерді зерттеуге тәулік бойы қабылдаймыз. Барлық медициналық мекемелердің 6 сағаттан кейін зерттеу нәтижелерін алуға мүмкіндігі бар. ПТР – талдаулар тек пневмонияға шалдыққан науқастарға ғана емес, сонымен қатар жүкті әйелдер мен балаларға да жүргізіледі.  Модульдік ПТР-зертхана қысқа мерзімде зерттеу нәтижелерін алуға, пациенттердің «буферлік аймақта» болу уақытын қысқартуға және басқа да шұғыл пациенттерді тезірек ауруханаға жатқызуға мүмкіндік береді, – дейді Семей қаласындағы №2 қалалық аурухананың бас дәрігері Ержан Шамшин.  

Денсаулық сақтау жүйесіне арналған тез құрастырылатын модульдік кешендер – компания жұмысындағы түбегейлі жаңа және тиімді бағыт, деп түсіндіреді «Медициналық – Инновациялық Технологиялар» компаниясы бақылау кеңесінің төрағасы Михаил Гутерман:

– Жедел шешім қабылдайтын жағдай орын алды. Біз алғаш рет медициналық қалдықтарды залалсыздандыру жүйесін құру жөніндегі тәжірибеміздің негізінде модульдік кешендердегі ПТР-зертханаларды ұсындық. Бұл оларды ашуға кететін уақыт пен ақшаны үнемдеуге мүмкіндік берді, ол әсіресе коронавирустық инфекция пандемиясы күшіне енген кезде мемлекет үшін де, азаматтар үшін де өте маңызды. Компаниямыз зертхананы жай ғана жабдықпен қамтып қоймай, оларды жобалап, орналастыру бойынша қолда бар мүмкіндіктерге сәйкес және инфекциялық қауіпсіздікті ескере отырып оңтайлы шешімдер әзірледі. Осы қауіпті инфекциямен күресуге өз үлесімізді қосқанымызға және Шығыс Қазақстанға көмегіміз тигеніне қуаныштымыз», – деп атап өтті Михаил Гутерман.

Тез салынатын медициналық модуль құрылысының негізгі идеясы – сапалы медициналық қызмет көрсету және шалғай аудандарда денсаулық сақтау қызметінің қолжетімді болуы. Бірақ сонымен бірге Семейдегі жобаның жағдайы сияқты шағын модульді кез келген ірі қалада, медициналық ұйымдардың аумағында орналастыруға болады, деп түсіндіреді «Медициналық – Инновациялық Технологиялар» компаниясы технологиялық жобаларды дамыту және құрылыс департаментінің директоры Шалқар Бигелдинов:

 

–    Модульдік ғимараттардың артықшылығы көп: құрылысқа кететін уақыт пен ақша үнемделеді, отқа төзімді сапалы материалдардан салынады, сейсмологиялық және климаттық жағдайлар есепке алынады. Біз жобалаудан бастап іске асыруға дейін «дайын» модульдік шешімдерді ұсынамыз, оған коммуникацияларды жүргізу және жабдықтар мен жиһаздарды таңдау да кіреді. «Медициналық – Инновациялық Технологиялар» компаниясы мына бағыттар бойынша модульдік ғимараттардың бірнеше нұсқасын әзірледі: КТ және МРТ, эндоскопия, медициналық қалдықтарды залалсыздандыру, ПТР-зертханалар, фельдшерлік-акушерлік пункт, дезинфекция, травматологиялық пункт, кір жуатын орын және қажеттіліктерге байланысты тағы бірнеше нұсқа бар.

Модульдік ғимараттардың маңызды ерекшелігі – оны орнатқаннан кейін бірден қолдануға болады.  Пайдалану барысында әрқашан бір қабатты ғимаратқа екінші қабатты қосып, қызмет көрсету аймағын кеңейтуге болады. Қажет болған жағдайда ғимаратты көтергішпен жабдықтауға болады. Логистика және жайластыру бойынша модульдік ПТР – зертхананың стационарлықтан еш айырмашылығы жоқ.

Бұдан былай ПТР бөлімшесі де кіретін аурухана зертханасының меңгерушісі Гүлнар Абаева өзінің жаңа учаскесін мақтанышпен көрсетті. Ол қорғаныс құралдарымен жарақтанған, демек стерильді аймақтамыз:

 

– Зертхана жұмысы барлық ережелер бойынша, шлюзбен, зоналармен, арнайы ауа беру жүйесімен, қалдықтарды дезинфекциялаумен ұйымдастырылған. «Медициналық – Инновациялық Технологиялар» компаниясы біз үшін заманауи жабдықты таңдап алды, оны тек covid-ке ғана емес, ПТР әдісімен басқа да зерттеулер үшін пайдалануға болады. Екінші бокс – диагностиканың жүрегі. Бокста реакциялар жүргізіледі. Микротүтіктерге құйылады, мұнда өте күрделі, асқан шеберлікті қажет ететін жұмыс жүреді. Мұның бәрі медицина қызметкерлерінің тәжірибесі мен біліктілігіне байланысты. Вирустың бөлінген РНҚ фрагменттерінен коронавирустың ДНҚ синтезделеді және «Rotоr – Gene Q» талдағышы арқылы диагностикаланып, оқылады. Талдағыштардың жұмысы үш реттік ішкі және сыртқы бақылаумен жүргізіледі. Бұл – инновациялық технология. Аппарат талдауларды оқиды және нақты диагностиканы береді. ПТР оң немесе теріс болып шығады.

Аталған қайырымдылық жобаны компания «толық дайын» күйде жасап отыр, Германия, Латвия, Қытай, Финляндия, Қазақстанның әр түрлі өндірушілерінің жабдықтары таңдалды. Арнаулы медициналық жиһаз таңдалды. №2 қалалық аурухананың зертханасы екі айға жуық уақыт тәулік бойы жұмыс істеп келеді. Оның қуаты – тәулігіне 1000 зерттеу. 

2020 жылы «Медициналық – Инновациялық Технологиялар» компаниясы Алматыда «Halyk Arena» аумағында ашылған провизорлық орталыққа қолдау көрсетті; Семейдегі Жедел және шұғыл медициналық жәрдем ауруханасының ПТР – зертханасын арнайы медициналық жиһазбен жабдықтады; Алматыдағы инфекциялық аурухананың филиалы – жедел жәрдем қызметкерлері үшін арнайы киім сатып алумен; Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық темір жол ауруханасы – КТ арналған жабдықты сатып алумен және монтаждаумен; Тараздағы аурухана – КТ-ны инфекциялық бөлімшеге ауыстыру жүргізумен көмек берді. «МИТ» қатерлі ісіктердің дамуы мен эволюциясындағы жаңа ғылыми жаңалықтар талқыланған Халықаралық онкологтар конференциясының бас демеушісі болды.

«Медициналық – Инновациялық Технологиялар» компаниясы әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын одан әрі ұстануға және қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығының сапасын жақсартуға үлес қосуға ниетті.

«Медициналық – Инновациялық Технологиялар» компаниясы:

кешенді медициналық шешімдер

40-тан астам іске асырылған жоба

1000-нан астам медициналық жабдықтарды өндіруші серіктес

1 000 000 бірліктен астам жеткізілген медициналық жабдық