«Медико – инновациялық технологиялар» компаниясы ультрафиолет ауа рециркуляторларын тек қана Қазақстанға ұсынады: UVR-M, UVR-MI, өндіруші Biosan, Латвия
Ағынды бактерицидті ауа рециркуляторының жұмыс принципі дезинфекцияның максималды тиімділігін қамтамасыз ете отырып ультрафиолет шамдарының тікелей маңында рециркулятор камерасы арқылы тұрақты, белсенді ауа айналымына негізделген. Сонымен қатар, рециркулятор камерасында айна тәрізді ішкі бетінің болуына байланысты ультрафиолет сәулелері бірнеше рет шағылысып, ультрафиолет сәулесінің тығыздығын арттырады және демек, дезинфекциялау әсерін күшейтеді.
UVR-M артықшылықтары:
- Бактерицидті ауа рециркуляторлары ауруханаларда (әсіресе жедел жәрдем бөлмелерінде, операция бөлмелерінде, босану бөлмелерінде және т.б.), балабақшаларда, ғылыми зертханаларда, ветеринарлық клиникаларда ауаны залалсыздандыруға өте қолайлы.
- УК сәулеленуі ауадағы патогенді вирустарды, бактерияларды және саңырауқұлақтарды жояды, бұл рециркуляторларды ауамен таралатын аурулармен күресте тиімді етеді
- Тікелей УК сәулесінен толық қорғауды қамтамасыз етеді, сондықтан олар адамдар мен жануарлардың қатысуымен қолданылады
- Орнатуға, пайдалануға және қызмет көрсетуге өте оңай. Жұмыс барысында шусыз.
- Кіріктірілген таймер ультрафиолет шамдарының жұмыс уақытын басқаруға мүмкіндік береді
- Цифрлік басқару блогы ультрафиолет шамының жалпы жұмыс уақытын бақылауға мүмкіндік береді (шамның қызмет ету мерзімі 8000 сағат, қуаты 25 Вт)
UVR-MI моделінде екі ультрафиолет шамы бар, яғни ол 2 есе тиімді!
Екі модель де қабырғаға немесе жылжымалы штативке орнатыла алады.