Инновациялық тәсіл – КТ-ны құрастырмалы модульдік кешенде орналастыру

«Медико-Инновациялық Технологиялар» ТМД аумағында алғаш рет Алматы қаласында компьютерлік томографияға арналған  «толық аяқталған»  құрастырмалы медициналық модульдік кешенді құру бойынша екі жобаны әзірлеп, жүзеге асырды.

Медициналық ұйымдардың медициналық қызмет көрсетуді кеңейтудегі басты мәселелерінің бірі – орынның жетіспеушілігі.  Бұл мәселені шешу үшін инновациялық тәсіл таңдалды – КТ-ны  құрастырмалы модульдік кешенде орналастыру.

14 желтоқсанда Наурызбай ауданындағы ГП36-да модульдік КТ кешенінің ашылуы өтті, оған Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында барды. Жаңа Алматы ықшамаудандарында заманауи КТ орталықтарының ашылуы шұғыл араласуды қажет ететін төтенше аурулар кезінде диагностика мен патологияларды ерте анықтау үшін тұрғындарға кезең-кезеңімен қолжетімділікті қамтамасыз ететінін баса айтты.

15 желтоқсанда Алатау ауданы 25-ГП аумағында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев тағы бір модульдік КТ кешенін ашты.

Қысқа мерзімде екі жобаны қатар жүзеге асыру күрделі және стандартты емес инженерлік шешімдерді қажет етті.  Компания мамандары құрастырмалы модульдік кешенде КТ сканерін орналастыруы бойынша медициналық-технологиялық шешімін әзірледі.  Жоба медициналық логистиканы, пандемия кезіндегі санитарлық-эпидемиологиялық режимге қойылатын талаптардың жоғарылауын, жүріп-тұруы шектеулі адамдардың қажеттіліктерін, емханалар аумақтары мен қолданыстағы инженерлік желілердің ерекшеліктерін ескере отырып жасалған.  Пациенттер мен персоналдың максималды қауіпсіздігі үшін қоректендіру және сору желдету жүйесі құрылды, рентгендік қорғаныс жасалды, «жасыл» және «қызыл»  аймақтарға бөлу, сондай-ақ  шлюздер, санитарлық бақылау бөлмесі және изолятор қарастырылған.  КТ бір қалыпты жұмыс істеуі үшін техникалық жағдайлар жасалған.

Модульдік кешендер әмбебаптығымен, тамаша өнімділік параметрлерімен, сейсмикалық төзімділігімен, экологиялық таза және отқа төзімді материалдарды қолданумен және коммуникацияларды орнату мен жеткізуден кейін бірден ғимаратты пайдалануды бастаумен ерекшеленеді.«Медико-Инновациялық Технологиялар» компаниясы «толық аяқталған» жобаларды жүзеге асыруда 15 жылдық тәжірибесі бар, оның ішінде ПТР зертханалары мен медициналық қалдықтарды залалсыздандыру бөлімшелері орналастырылған модульдік ғимараттар негізінде.

«Медико-Инновациялық Технологиялар» Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын практикалық денсаулық сақтау және ел тұрғындары үшін жаңа жобалармен  қарсы алуда.

https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/301700?lang=ru