2023 жылдың 28 сәуірінде Алматы қ., Орталық қалалық клиникалық ауруханада «Омыртқа хирургиясындағы Brainlab навигациясы» дәрісі өтеді.

Brainlab С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ нейрохирургия кафедрасымен және «Қазақстандық Нейрохирургтер Қауымдастығымен» (ҚНҚ) бірлесіп сіздерді «Алматы қаласы Нейрохирургтер Қоғамының» кезекті отырысына қатысуға шақырады.

Қоғам мүшелерінің жарқын баяндамаларынан басқа, Ұлыбританиядан келген қонақ – Шеффилд қаласындағы Корольдік Халламшир ауруханасының омыртқа хирургі Марсель Ивановтың сөз сөйлеуі жоспарланған.

Тақырыбы: «Омыртқа хирургиясындағы навигация».
Марсель Иванов – нейрохирургия бөлімінің омыртқа бөлімшесінің меңгерушісі және нейрология ғылымындағы аудит меңгерушісі және AO SPINE Center Sheffield.директоры.

2017-2019 жылдары ол AO SPINE UK (Нейрохирургия) кеңесінің мүшесі болып сайланды және 2019 жылдан бастап AO SPINE UK & Ireland төрағасы болып табылады.

Иванов мырза AO SPINE және EUROSPINE Еуропалық нейрохирургиялық қоғамдар қауымдастығында белсенді рөл атқарады.

2019 жылдан бастап Иванов мырза медициналық құрылғылар бойынша Сарапшылар тобының және Еуропалық комиссияның мүшесі.
Оның мүдделерінің саласы: аз инвазивті нейрохирургиялық әдістерге баса назар аудара отырып, омыртқа патологиясын емдеу, ерекше қызығушылық жұлын ісіктерін емдеу болып табылады.

Отырыс өтетін күні: 28 сәуір.

Уақыты: 16:00.

Өтетін орны: Алматы қаласы, «Орталық қалалық клиникалық аурухананың» мәжіліс залы.


«Медициналық-инновациялық технологиялар» ЖШС — Brainlab компаниясының Қазақстандағы эксклюзивті дистрибьюторы болып табылады.