Қазақстан онкологтары мен радиологтарының VII съезі

2019 жылғы 17-18 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан онкологтары мен радиологтарының VII Съезі өтті.

«Медициналық-Инновациялық Технологиялар» компаниясы онкологиялық орталықтарды «бастан-аяқ» жабдықтау саласындағы сарапшы бола отырып, іс-шараның Бас демеушісі ролін атқарды.

Съезд жұмысына Қазақстан, ТМД елдері және Орталық Азия өңірі елдерінен 1000-нан астам делегат, онкология және денсаулық сақтауды ұйымдастыру саласындағы әлемдік жетекші сарапшылар: онкологтар, хирургтар, сәулелік диагностика және сәулелік терапия мамандары, ядролық медицина мамандары қатысты.
Конгресс аясында «Медициналық-Инновациялық Технологиялар» компаниясы келушілер мен қатысушылардың назарына Varian GE, Insightec, PTW, Comecer, Orfit, Ulrich, Sanova сияқты серіктес компаниялардың онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуге арналған негізгі жаңалықтары мен инновацияларын ұсынды.
Конгреске қатысушылар өндірушілердің өкілдерімен жеке танысуға және көңілінде жүрген сұрақтардын қоюға бірегей мүмкіндік алды.
Қатысушылар біздің стендімізде қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау және алдын алу, онкологиялық ауруларды емдеу, хирургия, радиология және ядролық медицина мәселелері бойынша кешенді шешімдермен, озық технологиялармен және инновациялық тәсілдермен танысты.
Конгресс аясында «МИТ» қолдауымен арнайы шақырылған қонақтар, зор жұмыс тәжірибесіне ие дәрігерлер өз сөздеріндегі саланың өзекті тақырыптарын ортаға салды, атап айтқанда:
 
• «Қуықты диагностикалауда МРТ қолдану»
• «Сүт бездерін визуалдау өнері: ХХІ ғасырдың мүмкіндіктері»
• «Сәулелік терапияны жоспарлау: КТ, МРТ, ПЭТ-КТ рөлі»
Компаниямыз радиотерапияда пациенттерді иммобилизациялауға арналған өнім өндірудегі әлемдік көшбасшы серіктесіміз «ORFIT» компаниясының өнімдерін көрсетуді ұйымдастырды. «МИТ» сонымен бірге ШЖҚ «Көп салалы медициналық орталық» МКК базасында шеберлік сабағын өткізді.
Шеберлік сабағына Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген дәрігерлер қатысты. Қатысушылар «Orfit» өнімінің ерекшеліктерімен және мүмкіндіктерімен, аксессуарлардың кең сұрыпталымымен танысты, масканы дайындау процесін іс жүзінде бастан-аяқ толық бақылап, пациентпен дұрыс әрекеттесуді үйренді.
 
«Медициналық-Инновациялық Технологиялар» ЖШС конгресс аясында Insightec компаниясы ұсынған MRgFUS (МРТ-ФУД) онкологиялық ауруларды емдеудің инновациялық технологиясын, магниттік-резонанстық томографиясының бақылауымен фокусталған ультрадыбыспен абляциялауды ұсынды. Қазақстан дәрігерлерін «МИТ» технологиясымен егжей-тегжейлі таныстыру үшін әлемге әйгілі дәрігер, профессор Алессандро Наполидің (Италия) сапарын ұйымдастырды, ол «МРТ бақылауымен фокусталған ультрадыбыстық терапияның дамып келе жатқан технологиясының ахуалы» тақырыбында баяндама жасады.
Онкологтар мен радиологтар Конгресіне Президенттік клиникалық орталықтың кеңесшісі, белгілі америкалық уролог Дэвид Самади қатысқанына қуаныштымыз. Ол дәл осы кезде Қазақстанда болған еді әрі Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы базасында компаниямыз «Медициналық-Инновациялық технологиялар» ЖШС әзірлеген және жабдықтаған Халықаралық роботтандырылған хирургия референс орталығының дәрігерлеріне арналған шеберлік сабағын өткізді.
 
Онкология Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының басым бағыты болып табылатынын назарға ала отырып, Қазақстанның онкологтары мен радиологтарының VII Съезі әлемнің түрлі елдерінің жетекші ғалымдары, сарапшылары, мамандары үшін тәжірибе және озық технологиялармен алмасу, онкология міндеттерін шешудің инновациялық тәсілдерін анықтау үшін біріктіруші алаңға айналды.