Loop-X — мобильді роботтандырылған визуализация жүйесі

Loop-X — екі өлшемді (2D) және үш өлшемді (3D) кескіндерді түсіруге арналған мобильді роботтандырылған визуализация жүйесі. Loop-X операция өтетін жерде рентген суреттерін түсіруге және дәл сканерлеу аймағын орнатуға мүмкіндік береді, бұл науқас пен медицина қызметкерлерінің сәулелену дозасын айтарлықтай азайтады.

Loop-X хирургтарға науқастың проблемалық аймағын нақты уақыт режимінде көруге және оны операция жоспарының деректерімен салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл операциялардың дәлдігін арттырып, қателіктер ықтималдығын азайтады және операция уақытын қысқартады. Құрылғының жеңіл және ықшам құрылымы оны әртүрлі операциялық бөлмелер арасында оңай жылжытуға мүмкіндік береді.

Loop-X жүйесінің мүмкіндіктері:

  • Жылжымалылығы. Ені небәрі 189 см болатын ықшам және жеңіл құрылым, сонымен қатар аккумулятормен жұмыс істеу жүйені кез келген операциялықта оңай орналастыруға мүмкіндік береді.

  • Сымсыз басқару интерфейсі. Жүйе Wi-Fi арқылы планшет көмегімен басқарылады.

  • Гантридің үлкен диаметрі.

  • Детектор мен рентген көзі тәуелсіз қозғалып, кең сканерлеу аймағын қамтамасыз етеді. Бір сканерлеуде иық немесе жамбас аймағын толық қамтуға болады.

  • Изоцентрлік емес 2D және 3D визуализация. Детектор мен рентген көзі тәуелсіз қозғалып, науқастың орталықтан тыс орналасуында да сканерлеуге мүмкіндік береді.

  • Бейімделгіш сәуле коллимациясы. Сканерлеу кезінде рентген шоғы үздіксіз реттеліп, тек зерттелетін аймаққа бағытталады. Бұл артық сәулеленуді болдырмай, айналадағы тіндерді қорғауға мүмкіндік береді.

  • Робототехника мен жоғары дәлдікті екі және үш өлшемді мобильді интраоперациялық визуализацияның үйлесімі.

  • Омыртқа деңгейін анықтау және кесу орнын жоспарлау.

  • Автоматтандырылған навигациямен тұрақ және визуализация позицияларын сақтау.

  • Навигацияланған екі өлшемді визуализация.

  • Жоғары ажыратымдылық. Үлкен жалпақ панельді детектор мен сақиналы құрылым жоғары кеңістіктік айқындықты қамтамасыз етеді (үш өлшемді визуализация режимінде 21 сызықтық жұп/см дейін).

Brainlab компаниясының Қазақстандағы эксклюзивті дистрибьюторы — «Медико-Инновационные Технологии» компаниясы http://brainlab.medico-intech.kz