МИТ компаниясы Алматы қ. өткен ЛОР-хирургиясы және естуді қалпына келтіру бойынша халықаралық конференцияға демеушілік көрсетті
2026 жылғы 27–28 наурыз күндері Алматы қ. Mercure қонақүйінде “New Technologies in Hearing Rehabilitation, Otorhinolaryngology and Skull Base Surgery” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. «Медико-Инновационные Технологии» (МИТ) компаниясы іс-шараның демеушісі болып, жоғары технологиялы ЛОР-хирургия саласындағы өз шешімдерін ұсынды.
Конференция оториноларингология, естуді қалпына келтіру және бас сүйек негізі хирургиясы салаларындағы жетекші мамандарды біріктірді. Бұл бағыт заманауи медицинаның ең күрделі әрі технологиялық тұрғыдан дамыған салаларының бірі болып табылады. Бас сүйек негізіне жасалатын операциялар аса жоғары дәлдікті, жетілдірілген навигация мен визуализацияны талап етеді. Сондықтан мұндай оталарда цифрлық хирургиялық жүйелерді енгізу ерекше маңызды.
МИТ компаниясының көрме стендінде қатысушылар Brainlab интраоперациялық навигация жүйелерімен танысты. Бұл жүйелер ЛОР-хирургия мен нейрохирургияда кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, микрохирургиялық оталарда, әсіресе құлақ хирургиясы мен бас сүйек негізі операцияларында жоғары дәлдікті визуализацияны қамтамасыз ететін Leica Microsystems операциялық микроскоптары ұсынылды. Компания мамандары дәрігерлерге кеңес беріп, жабдықтарды тәжірибеге енгізу бойынша нақты сұрақтарға жауап берді.
МИТ компаниясы Қазақстанның кәсіби медициналық қауымдастықтарын жүйелі түрде қолдап, заманауи хирургиялық технологияларды клиникалық тәжірибеге енгізуге белсенді түрде ықпал етуде.




