Ішкі істер министрлігінің 200 төсектік госпиталі (Астана қ.)
Емханасы бар Ішкі Істер Министрлігінің орталық ауруханасы, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ең заманауи медициналық және ғылыми-зерттеу жабдықтарымен жабдықталған.
“Жаһандық экономикадағы жағдайға қарамастан, ел Президенті әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі аспектілеріне ерекше көңіл бөлуде. Үкімет қаражат бөлді, елорда әкімдігі денсаулық сақтау нысандарының жанынан жер телімін берді, осылайша орталық елорданың қалыптасып келе жатқан медициналық кластеріне үйлесімді қосылды. Астанаға қоныс аударған кезден күткен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің емханасы бар Орталық аурухананың ашылуымен ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне медициналық қызмет көрсету сапасы айтарлықтай жақсарады”, – деді ашылу салтанатында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.
Орталық аурухана 212 төсекке, дәрігерлік амбулатория ауысымына 500 келушіге есептелген. Жаңа медициналық мекеме бүкіл республика бойынша бекітілген контингентке көмек көрсетеді. Мамандандырылған көмекке мұқтаж құқық қорғау органдарының қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері, ішкі істер органдарының зейнеткерлері тұрғылықты жеріне қарамастан жоспарлы түрде емделетін болады.