Симуляция орталығы. Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы (Өскемен қ.)
«Медико-Инновациялық Технологиялар» ЖШС 2018 жылдың ақпан айында ашылған Өскемен қ., №1 қалалық ауруханасы базасында симуляциялық орталықты жабдықтауды аяқтады. Симуляциялық орталық тактильді кері байланысы бар соңғы LapSim виртуалды хирургиялық симуляторымен, лапароскопиялық торс симуляторымен, лапароскопиялық тігістерді бағалау симуляторымен және эндохирургиялық EVA эндоторс симуляторымен жабдықталған. Симуляциялық орталықтың болуы дәрігерлерге хирургиялық араласуды пациенттерге қауіп төндірмей және кез келген қолайлы уақытта орындау дағдыларын арттыруға мүмкіндік береді.