Роботтандырылған хирургия және сандық лапароскопия бойынша халықаралық референстік және тренинг орталығы (Астана қ.)

«Қазақстан Республикасы Президентінiң Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК ШЖҚ базасында роботтандырылған хирургия және сандық лапароскопия бойынша халықаралық референстік және тренинг орталығы ашылды. Орталық Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне роботтандырылған хирургия және робот көмегімен жасалатын операцияларды енгізу саласында сарапшылық деңгейдегі мамандарды (хирургтер мен жаттықтырушылар) даярлауға арналған.

Орталық Transenterix Italy s.r.l. (Италия) өндірген Senhance инновациялық хирургиялық роботтандырылған жүйесімен жабдықталған.

Роботтандырылған хирургия және сандық лапароскопия – аз инвазивтілікті сақтай отырып, операцияның жоғары дәлдігі, кездейсоқ манипуляциялардан қорғау (жасанды интеллект), науқастың тез сауығуы және косметикалық мәселелердің болмауының арқасында ең жақсы клиникалық нәтижеге қол жеткізу және медициналық қызметтердің сапасын арттыру.